

Білім беруді аккредиттеу жөніндегі Орталық Азия қауымдастығы Аккредиттеу кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес білім беру ұйымдарына жасалған сапарлардың қорытындысы бойынша сыртқы сараптамалық комиссиялардың есептерін қарап, бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын аккредиттеу туралы шешімдер қабылдады.
Шешімдер сарапшылардың тұжырымдарын, басшылықпен, оқытушылармен, студенттермен және жұмыс берушілермен өткізілген сұхбаттардың нәтижелерін, сондай-ақ ұйымдардың ресурстық базасын талдауды ескере отырып, алқалы түрде қабылданды.
Аккредиттелген бағдарламалар Қауымдастық сайтындағы ашық тізілімге енгізілді. Білім беру ұйымдарына сыртқы сараптамалық комиссиялардың ұсынымдары жіберілді, олардың орындалуы постаккредиттеу мониторингі аясында қадағаланатын болады.